Түркістан облысында такси бағасы бір жылда 42,9%-ға қымбаттады

Oinet.kz 06-03-2026

2025 жылғы желтоқсан айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы такси қызметтерінің бағасы  1,8%-ға қымбаттаған. Баға шамамен әр ай сайын өсіп отырған. Тек тамызда баға 0,3%-ға азайған. Ең үлкен өсім маусым айында байқалған. Баған бірден 4,7% пайызға өскен, деп жазады Оinet.kz.

image.png

Жалпы бір жылда баға 17%-ға өсті, ал өткен жылы өсім 8,4% болған еді. Аймақтар бойынша ең қымбат такси қызметі Түркістан облысында байқалды. Мұнда  такси қызметінің құны бір жылда 42,9%-ға өскен. Одан кейін Ақмола облысы (37,7%) мен Жетісу облысы тұр  (21,2%).

Баға өзгермеген жалғыз аймақ — Павлодар облысы. Ең аз баға өсімі байқалған өзге де облыстар: Ақтөбе  (2,7%), Батыс Қазақстан (3,3%) және Солтүстік Қазақстан (3,4%).

2025 жылғы қаңтар–желтоқсан аралығында қазақстандық таксилер 174,5 млн жолаушы тасымалдады. Бұл бір жыл бұрынғыдан 2,4 есе көп, ал 2023 жылғы көрсеткіштен 3,5 есе жоғары. 

Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында барлық 174,5 млн жолаушының 60,7 миллионы Алматы мен Астанада, яғни жалпы жолаушылар ағынының үштен бірінен астамы тасымалданды. Көшбасшы – Алматы қаласы болып тұр.  Екінші орын — Астана: 27,6 млн адам. Одан кейінгі орында: Алматы облысы (13,7 млн), Маңғыстау облысы (12,1 млн) және Шымкент (10,4 млн).

Абай облысында сарбаз көз жұмды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу