Дубай Қазақстанға әуе рейстерін бастайды

Oinet.kz 03-03-2026

Flydubai әуе компаниясы Дубайдан Қазақстанға рейстерді қайта бастайды. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі хабарлады, деп жазады Оinet.kz.

image.png

Министрліктің мәліметінше, 2026 жылғы 3 наурызға қараған түні FZ1533 Дубай — Алматы және FZ1395 Дубай — Астана бағыттары бойынша рейстер ұшады. Әр рейсте 170 орын қарастырылған.

Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі шетелдегі қазақстандық дипломатиялық өкілдіктер Ираннан азаматтарды көрші елдер арқылы эвакуациялау мәселесі бойынша бірқатар мемлекеттермен келісімге келгенін мәлімдеген.

Атап айтқанда, Армения тарапы Қазақстан азаматтарының Иран–Армения шекарасы арқылы кедергісіз өтуіне келісім берді. Әзербайжан да эвакуацияға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірген. Екі азаматтың өтініші негізінде «Джульфа» (Нахчыван) бақылау-өткізу пункті арқылы кіруге рұқсат алынған.

Сондай-ақ Түрікменстан тарапы да қазақстандықтардың мемлекеттік шекарадан өтуіне жәрдем көрсетуге әзір екенін растады.

«Ауғанстан, Сириядан келгендер балаларды ұрлап жүр». ІІМ мәлімдеме жасады
Министр 40 жылға шыдайтын жолдар салынатынын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу