«Ауғанстан, Сириядан келгендер балаларды ұрлап жүр». ІІМ мәлімдеме жасады
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің атынан азаматтарға үйлерін бекітіп жүру, бөтен адамдарға есік ашпауды, сириялық немесе ауған мигранттармен байланысқа түспеу туралы «ескерту» таратылған. Хабарламада өзін су немесе электр компаниясының қызметкеріміз деп таныстыратын адамдардың «ұрылар және бала ұрлаушылар» екені айтылған.

Алайда ІІМ ресми мәлімдегендей, мұндай үндеу министрлік тарапынан таратылмаған. Министрлік азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырады.
Күдік тудыратын жағдайлар туындаған жағдайда, полицияға 102 нөмірі арқылы хабарласуға кеңес берілді. ІІМ көрінеу жалған ақпарат таратқандар заңнамаға сәйкес жауапқа тартылатынын ескертті.


