Ресей Дуровқа қарсы "терроризмге жәрдемдесу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады

Oinet.kz 25-02-2026

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров өзіне қатысты Ресейде қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің ресми Telegram-арнасында жазды деп хабарлайды Оinet.kz.

image.png

Кәсіпкердің айтуынша, іс «терроризмге жәрдемдесу» бабы бойынша тіркелген. Дуров Ресей билігі азаматтардың Telegram-ға қолжетімділігін шектеу үшін түрлі сылтаулар іздеп отырғанын алға тартты.

«Ресей маған қарсы “терроризмге жәрдемдесу” бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Билік күн сайын ресейліктердің Telegram-ға қолжетімділігін шектеу үшін жаңа сылтаулар ойлап табуда. Осылайша жеке өмірге қолсұқпаушылық пен сөз бостандығын тұншықтыруға тырысады. Бұл – өз халқынан қорқатын мемлекеттің өкінішті көрінісі», – деп жазды ол.

Павел Дуров кім?

Павел Дуров 1984 жылы дүниеге келген. Ол ресейлік кәсіпкер әрі бағдарламашы ретінде танымал. 2006 жылы ағасы Николай Дуровпен бірге Ресейдегі ең ірі әлеуметтік желілердің бірі – ВКонтакте платформасын құрды.

Кейін компаниядағы үлесіне қатысты даулардан соң Дуров Ресейден кетіп, 2013 жылы Telegram мессенджерін іске қосты. Қосымша дербес деректерді қорғау және хат алмасудың құпиялығына басымдық беруімен ерекшеленді.

Қазіргі таңда Telegram әлем бойынша жүздеген миллион пайдаланушысы бар ірі платформалардың бірі саналады. Дуров бірнеше жыл бойы шетелде тұрып келеді және түрлі елдердің азаматтығын алғаны туралы ақпараттар тараған.

Әзірге Ресейдің ресми органдары бұл іске қатысты түсініктеме берген жоқ.

Мұғалім оқушының өміріне оқу процесі кезінде ғана жауапты болмақ
Атыраудағы атышулы іс: қызы да күдікті деп танылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу