Мұғалім оқушының өміріне оқу процесі кезінде ғана жауапты болмақ

Oinet.kz 25-02-2026

Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы енгізілді, деп жазады Оinet.kz.

image.png

Заң жобасы Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген. Бұл туралы жалпы отырыста депутат Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

Оның айтуынша, құжат педагогтердің құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған. Атап айтқанда, мұғалімдердің балалардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілігін тек оқу процесі кезінде айқындау ұсынылып отыр. Яғни сабақтан тыс уақытта, каникул және кешкі мезгілдерде жауапкершілік ата-аналарға жүктелуі тиіс. Бұл норма Мемлекет басшысының Тамыз кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес әзірленген.

Сонымен қатар педагогтерді кәсіби қызметіне қатысы жоқ түрлі іс-шараларға тартуға жол бермеу қарастырылған.

Бұдан бөлек, есептілікті бір мезгілде қағаз және электронды форматта жүргізуге тыйым салу ұсынылды. Яғни құжат айналымы тек бір форматта ғана жүзеге асуы тиіс.

Сондай-ақ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекске педагогтердің құқықтарын бұзғаны үшін санкцияларды күшейтетін нақты нормалар енгізу жоспарланып отыр.

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті заң жобасын қарап, тиісті қорытынды әзірлеуге дайын екенін мәлімдеді.

Қазақстанда ең көп сатылатын автокөліктер белгілі болды
Ресей Дуровқа қарсы "терроризмге жәрдемдесу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу