Спорт журналисі Шайдоровқа берілетін сыйақыны спортты дамытуға жұмсау керектігін айтты
Милан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы бір ғана алтын жүлдеге қол жеткізді. Ел қоржынына тарихи алтынды мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров салды.

Мемлекет Олимпиада чемпионына 250 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындаған. Алайда спорт журналисі Дидар Қадыров бұл қаражатты спорт инфрақұрылымын дамытуға бағыттау қажет деп есептейді.
Оның айтуынша, елде спортқа қомақты қаржы бөлінгенімен, бапкерлердің жалақысы төмен, ал инфрақұрылым ескірген.
“Олимпиада чемпионына 125 миллион беру орнына, сол ақшаның бір бөлігін кейбір спорт түрлерін дамытуға жұмсауға болады. Ал Шайдоровтың өзінде қаражат жеткілікті. Қосымша ақша қажет емес. Оның үйінің алдына асфальт төсеп қойсаң, жас спортшыларға көмек көрсетсең, қаражат дұрыс жетсе, бәрі жақсы болады. Мен тек қарапайым нәрселерді сұрап отырмын. Бірақ Қазақстанда оларды орындау қиын. Тіпті Шайдоровтың әкесі де соңғы рет ақша оларға жетпегенін айтты. Сондықтан бұл жетістік жүйенің емес, Михаилдың және сол сәтте бірге болған адамдардың жеке еңбегінің жемісі”, - деді Қадыров Sreda YouTube арнасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Шайдоровтың жалғыз алтынының арқасында Қазақстан жалпыкомандалық есепте 19-орынға тұрақтады.


