Қазақстандық рэперге Ресейге әкімшілік іс қозғалды

Oinet.kz 18-02-2026

Ресейде қазақстандық және ресейлік рэпер "Ганвестке"  қатысты әкімшілік іс қозғалды. Бұл туралы «Лига безопасного интернета» ұйымының басшысы Екатерина Мизулина мәлімдеді, деп жазады Оinet.kz.

image.png

Оның айтуынша, Санкт-Петербург қалалық ІІМ басқармасы әншінің шығармаларында есірткі құралдарын насихаттау белгілері болуы мүмкін деген күдікпен тексеру бастаған. Ән мәтіндері психологиялық-лингвистикалық сараптамаға жіберілген. Қазір әкімшілік тергеу жүріп жатыр. Егер заңбұзушылық анықталса, музыкантқа айыппұл салынуы ықтимал.

Ганвест — Руслан Гоминовтың сахналық есімі. Ол 1992 жылы Актау қаласында дүниеге келген. Өнер иесі Қазақстанда да, Ресейде де танымал. 2025 жылы ол ерекше сөйлеу мәнерімен және әндеріндегі «пэпэ», «фа», «ватафа», «шнейне» секілді қайталанатын сөздері арқылы кеңінен танылды.


Маңғыстауда жаттығу кезінде сарбазға оқ тиіп көз жұмды
Нұрсұлтан Назарбаевтың егізі табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу