Маңғыстауда жаттығу кезінде сарбазға оқ тиіп көз жұмды

Oinet.kz 17-02-2026

17 ақпанда Маңғыстау облысындағы "Бейнеу" полигоны аумағында мерзімді  әскери қызметтегі жас сарбаздың мәйіті табылды.

image.png

Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің мәліметінше, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы құрамындағы сарбаз жоспарлы далалық  атыс жаттығулары  кезінде қарумен жұмыс істеу барысында оқ жарақатын алып, сол жерде көз жұмған.

"Аталған дерек бойынша Батыс өңірінің әскери-тергеу органдары қылмыстық іс қозғады. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр", – делінген хабарламада.

Оқиға орнына қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев бастаған комиссия жіберілді. Сонымен қатар бас әскери прокурор, ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу департаментінің бастығы барды.  Тергеудің барысы Бас прокуратура бақылауында.

Министр Нағаспаев журналистерді менсінбегені ме?
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу