Нұрсұлтан Назарбаевтың шөбересі TikTok-та белсенді бола бастады
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шөбересі Лора Әлиева TikTok әлеуметтік желісінде жеке парақшасын белсенді жүргізе бастады. Бұл жайт әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударып отыр.

Лора Алиева — Нұрәлі Әлиевтің қызы. Ал Нұрәлі Әлиев Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен немересі, Дариғa Назарбаеваның және марқұм Рахат Әлиевтің ұлы. Жақында жарияланған видеоларының бірінде Лора Әлиева өмірден өткен атасы Рахат Әлиев пен ағасы Айсұлтан Назарбаевты еске алып, оларға арнап жазба жариялады.
Нұрәлі Әлиев пен жұбайы Аида Әлиева (Берік Имашевтің қызы) бүгінде төрт баланы тәрбиелеп отыр.
Биыл қаңтар айында Нұралі Әлиев Швейцарияның Давос қаласында өткен Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысқан. Бұған дейін, 10 қаңтар күні, ол Instagram желісінде The Spark of Light атты жаңа жобаның іске қосылғанын хабарлаған болатын.
Жобаның ресми сайтында көрсетілгендей, компанияның қызметі саналы өмір сүру, ішкі тепе-теңдік пен менталдық саулық мәселелеріне бағытталған. Инициативаның негізгі мақсаты — адамдарға өмірді саналы түрде құруға, үйлесім табуға және қазіргі жаһандық өзгерістерге бейімделуге көмектесу.
Ал Лора Әлиеваның TikTok-та пайда болуы желі қолданушылары арасында қызу талқылануда.


