Астанада ер адам анасын тұншықтырып өлтірген
Астанада 55 жастағы ер адам төсекке таңылған анасын тұншықтырып өлтірген. Қылмыс 2025 жылдың шілде айында орын алған. Аталған ауыр қылмысқа қатысты сот үкімі шықты.

Сотта жиналған айғақтарға сәйкес, марқұм әйелдің мойнынан гематомалар анықталған. Сот-медициналық сараптама оның өлімі тұншығу салдарынан болғанын растады. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері қарт әйелдің көз жұмғанын тіркеген.
Белгілі болғандай, күдікті алғашында жедел жәрдемге қоңырау шалып, анасының жағдайы аяқ астынан нашарлағанын хабарлаған. Кейін ол анасын өзін-өзі өлтірмек болған сәтте құтқаруға тырысқанын айтып, жауапкершіліктен жалтаруға әрекет еткен. Анықталғандай ер адам науқас анасын өзі тұншықтырып өлтірген.
Таныстары берген куәліктерге қарағанда, ер адам еш жерде жұмыс істемеген, анасының зейнетақысына өмір сүрген, ішімдікке салынған және жиі жанжал шығарып жүрген. Сонымен қатар ол ауладағы әйелдер мен балаларға күш көрсеткені де белгілі болды.
Тергеу барысында сотталушының төсек тартып жатқан анасын жүйелі түрде ұрып-соққаны анықталған.
Жиналған дәлелдер мен сараптама қорытындыларына сүйене отырып, сот ер адамды қасақана адам өлтіргені үшін кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.


