Нұрайдың ағасы Президентке алғыс айтты

Oinet.kz 21-01-2026 47

Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ағасы Сұлтан Серікбай  Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевқа алғысын айтты.

image.png

"Сот процесінің әділ өтетініне 100 пайыз сенімдімін.  Себебі  Президентіміз үндеу жасады. Үндеуіне мың да бір алғыс, айтқан сөздері жүрекке кішкене болса да жылу берді. Және  "министрліктің бақылауында" деген сөзі де бізге көмек берді",- дейді марқұмның ағасы.

Әлеуметтік желіде  Нұрайдың отбасы мүшелеріне  қатысты жағымсыз пікірлердің де айтылып жатқаны рас.  Сұлтан  қылмыскермен бетпе-бет сөйлесіп, тоқтауға тырысқанын айтады.  "Қой" деп айтқамын. Кездескен кезде  сөйлесуге болатын адам емес екенін түсіндім.  "Ол "жоқ" деген сөзді түсінбеді",- деген ағасы.  

Тіпті айтуынша  жігіт кейінірек Сұлтанның өзін аңди бастаған.   "Мен не үшін әрекет жасамадым. Себебі ол мені іздеді.  Менің жұмыс орныма келіп,  компромат табуға тырысты",- дейді ол.

  Еске сала кетейік, Нұрай Серікбайдың өлімінен соң Тоқаев Ішкі істер министрлігіне қатаң тапсырма берген болатын. Осы жағдайдан кейін Шымкент полиция департментінің бастығы Нұрлан Алмасбеков  қызметінен босатылды.  

Қыз алып қашуға шымкенттіктер құмар
Енді медиктер 5 жыл сайын лицензия алуы тиіс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу