Шымкентте мемлекеттік қызмет цифрлануда

Oinet.kz 18-09-2025 45

image.png         

Шымкент қаласында мемлекеттік басқару саласында цифрлық жүйелерді енгізу арқылы қызмет сапасын арттыруға бағытталған бірқатар жоба іске асырылуда. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлының айтуынша, жаңа технологиялар мемлекеттік қызметшілердің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

        Қалада пилоттық режимде енгізілген «Цифрлық комплаенс ассистент» жүйесі контрагенттермен шарт жасасу кезінде тәуекелдерді анықтап, оларды азайтуға бағытталған. «Куатжылуорталық-3» МКК-не орнатылған жүйе 63 тәуекелді анықтап, 21 қызметкер мен контрагенттермен сұхбат жүргізді. Нәтижесінде 84 ұсыныс әзірленіп, тәуекелдерді төмендетуге бағытталған 27 ұсыныс іске қосылды. Бұл жүйе мемлекеттік ұйымдарда келісімшарттарды қауіпсіз әрі тиімді жүргізуге көмектеседі.

         Құжат айналымын оңтайландыру мақсатында «Documentolog» орталықтандырылған бұлтты жүйесі енгізілді. Бұл жоба әкімдікке қарасты 28 аудан әкімдігі мен басқармалардың ұсынысы бойынша 117 ұйымды қамтыды. Жүйе құжаттарды өңдеу мен талдауды жылдамдатып, қағазбастылықты азайтуға мүмкіндік береді.

        Кадр мәселесін автоматтандыру үшін «Бірыңғай кадр жүйесі» АЖ енгізілді. Қазіргі таңда бұл жүйеге 53 ведомстволық бағынысты ұйым қосылып, кадрлық үдерістер толық автоматтандырылды. Бұл мемлекеттік қызметшілердің жұмысын жеңілдетіп, кадрлық есептілікті жеделдетуге көмектеседі.

        Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің жұмысын оңтайландыруға арналған ЖИ-агенттер де енгізілуде. Бұл цифрлық ассистент хаттамалық тапсырмаларды және азаматтардың өтініштерін өңдеуді жеңілдетеді, әкімнің қала аралау барысында берген тапсырмаларын автоматты түрде тіркеп, орындау барысын бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ЖИ-агент аудиожазбаларды мәтінге айналдырып, құжат айналымын жеделдетеді. Қазіргі таңда жүйені серверлерге орнату жұмыстары жүргізілуде.

         Шымкент қаласында цифрлық жүйелерді енгізу мемлекеттік басқару процесін жетілдіруге, қызмет көрсету сапасын арттыруға және тұрғындарға ыңғайлы ортаны қалыптастыруға бағытталған. Жаңа технологиялар мемлекеттік қызметшілердің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, қала әкімдігіне нақты шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Шымкенттегі цифрлық жобалар мемлекеттік қызметті тиімді әрі ашық етіп, тұрғындардың сұранысына жылдам жауап беруге жағдай жасайды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, қала басқаруы заманауи стандарттарға сәйкес жаңара береді.

Мемлекет басшысы соңғы өткен Съезден бері әлемде өте жағымсыз үрдістер белең алғанын айтты
Шымкенттің өңдеу өнеркәсібі жаңа биікке көтерілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу