Жаңа Қазақстанды патриот жастар құрайды

Oinet.kz 20-06-2023 327

Еліміздің ұлттық анимациясын халықаралық деңгейге жеткізу, балаларға керекті контентті өндіру мақсатында биыл бес жылдығы тойланып жатқан рухани астана Түркістанда "Алтын сақа" Халыкаралық анимациялық фильмдер фестивалі ұйымдастырылды.

maxresdefault-1140x570-1-1.jpg

Аталған фестивальге  шет мемлекеттерден 70-ке жуық анимациялық фильмдер қатысып, бақ сынады. Ұйымдастырушылар мен «Қазақстан Аниматорлар Одағы» мамандарынан құралған «Сараптама кеңесінің» шешімімен отыз анимациялық фильм фестивальге қатысуға жолдама алған болатын.

Халықаралық дәрежедегі анимация саласының мамандарынан құралған кәсіби қазылар алқасының құрамында еліміздің мәдениет қайраткерлері мен анимация продюсерлері, режиссерлер болды.

Мәдениет қайраткері, режиссер Батырхан Дәуренбеков өз сөзінде "Тәрбиелік мәні зор балалар фильмдерін көбірек шығару керек. Сонда Президент айтқан нағыз адал адамдар өсіп шығады. Жаңа Қазақстанды жаңа, адал, білімді, тәрбиелі, патриот жаңа ұрпақ жасайды. Сол үшін балалар фильмдерін қолдау керек. Осы ретте бұл фестивалдің де маңызы зор" деді.

"Сақ" киностудиясының директоры Нұриддин Паттеев "Елімізде мұндай анимациялық фестивальдер өте сирек өткізіледі. Анығында, бұл бізге өте қажет. Алдағы уақытта Түркістан мен Шымкент анимация саласының дамыған орталығына айналады деп сенеміз. Бастысы, балаларға қажетті контентті ұсыну үшін аниматорлар үздіксіз ізденіс үстінде жүріп, нәтижелі жұмыстар атқаруы қажет" деп қорытындылады.

Мемлекетке масыл болатын ұрпақтан сақтанайық
Әділетті әлеуметтік саясатты жақтаймыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу