Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
Түркістан қаласында соңғы жылдары қоғамдық тамақтану саласында оң өзгеріс көп. Қоғамдық тамақтану орындары заманауи қызмет көрсетіп, елдің көңілінен шығып келеді.
Әсіресе сырттан келетіндерге қаладағы тамақтану орындары жоғары деңгейде қызмет көрсетуге тырысады. Соның бірі - Балкон. "Balcon Restaurant" — түрік, шығыс және әлем тағамдарының асханасының тағамдарын ұсынады. Интерьері талғампаз. Халықтың көңілінен шығады. Көпшілік осындай әдемі жерде тамақ ішкенді ұнатады. Яғни эстетикалық ләззатты алдыңғы орынға қояды.
Ыңғайлы болу үшін көлік тұрағы бар. Көлік тұрағы болмаса көптеген адамдарға қиындық тудырады. Сол үшін де көптеген адамдар автотұрағы бар жерлерге қонақ болуға тырысады.
Акциялар мен жеңілдіктер де жиі болып тұрады. Мысалы Рамазан айында су, құрма, бауырсақ, айран тегін. Ифтар уақытына арналған түрлі жиынтықтар бар. Нәтижесінде кафе өз тұтынушыларынан айрылмайды.
Жалпы мейрамхана бизнесі арқылы қала экономикасын көтеруге болады. Себебі мейрамханаға жан-жақтан азаматтар келіп, тамақтанып ақша төлеп кетеді. Ал бұл ақшадан мемлекетке салық төленеді. Мейрамханалардан түсетін салық мөлшері артқан сайын мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық ахуалы да артады. Сондықтан да қалада мейрамханалар санының артқаны өте маңызды. Жергілікті әкімдік тарапынан мейрамхана кәсібімен айналысқысы келетін кәсіпкерлерге заң шеңберінде барлық мүмкіндіктер жасалады.