Жолдауды насихаттау жұмыстары басталды

Oinet.kz 07-09-2022 901

Screenshot_59.png

Мемлекет басшысының Жолдауын насихаттау мақсатында Түлкібас ауданында аудан әкімінің орынбасарлары, маслихат хатшысы, Аманат партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысының төрағалығымен 4 ақпараттық-насихаттық топ құрылды. Құрамы дербес бөлім, мекеме басшылары барлығы 24 адам болмақ. Сонымен қатар, кездесулерде баяндама жасап, жолдауды тұрғындарға түсіндіру мақсатында аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мұғалімдері арасынан қоғамдық негіздегі лекторлық топ құрылды. Құрамы 16 адам. Аталған ақпараттық- насихаттық топтар ағымдағы жылдың  12 қыркүйегінен бастап барлық ауылдық округтердегі елді-мекендерді қамти отырып, арнайы жасалған желілік кестеге сәйкес тұрғындармен кездесулер өткізетін болады. 

Бұл жайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам»  атты  Қазақстан халқына  Жолдауын насихаттау мақсатында аудан әкімі Нұрлан Байғұттың төрағалығымен бүгінгі өткен мәжілісте аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Рахымжан Алтынбеков мәлімдеді.

Жалпы елде Президенттің кезекті сайлауы 2024 жылы, ал Парламент сайлауы 2025 жылы өтуі керек еді. Бірақ, уақыт жаңа талап қойып отыр. Реформалар басталды. Жаңа стратегия құрылды. Соған сәйкес мемлекеттік институттарды кешенді түрде жаңғырту қажет болып тұр. Сайлау – сол өзгерістерге бастайды. Жаңа билік жасақталады. Сондықтан мемлекет басшысы биыл күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды. Мемлекет басшысының биліктегі мерзімі де өзгереді. 7 жылға тек бір мерзімге ғана сайлана алады. Додаға қайта түсуге тыйым салынады. 

Аудан активімен өткен жиында Жолдауда айтылған барлық мәселе кеңінен ашылып, түсіндірілді. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы мен жиынға қатысушылар және жастар өкілі жарыссөзге шығып, Жолдаудың халықтың әл-ауқатын көтеруге зор септігін тигізетінің тілге тиек етті.

Басқосуды аудан басшысы қорытындылап, басты стратегиялық құжатты іске асыруға аудан аумағындағы барлық мемлекеттік органдар жұмылатынын мәлімдеп, мемлекет саясатын іске асыру жолында әр түлкібастық бір кісідей ат салысу керектігін атап өтті.


Әр тоқсанда шешіліп жатқан мәселе көп
Састөбедегі орталық саябақ аумағы абаттандырылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу