Біреу тепсе «Кешіріңіз, аға, менің құйрығым сіздің аяғыңызға тиіп кетті», деп тыныш жүретін заман

Oinet.kz 23-07-2022 4847

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫН ҚЫЗҒАНАМ.

Screenshot_8.jpg

Линияда такси болып жүрген болатынмын. Түркістан көшесінен шақырту түсті, Жаппар құлда жан бар ма, алып ұшып жетіп бардым. Шырттай киінген жігіт, бір құшақ гүл ұстаған қызды, көліктің артқы есігін ашып жайғастырып,өзі алдына отырды.

Амандық жоқ бірден:

- Біз комфорт заказ берген едік, кондёр қосыңызшы брат,- деп діңк ете қалды.

- Жарайды, Қайда барамыз?

- Құрсай мөлтек ауданы, сосын мені Роща маңындағы Надежда кафесіне жеткізесіз. 

- Жарайды Кеттік.

Жігіт өзге ұлттан екен, жалтыраған туфлиді тобығын көрсетіп киіп алыпты, қара шалбар, қолда сағат, ақ көйлектің алқымының екі түймесін ағытып қойыпты, омырауынан көкірегінің жүні шығып тұр жүгермектің. Айнаға көзім түсіп еді, жап жас сұлу қазақ қызы отыр. "Ойпырмай а!" дедім де кете бардым. 

Күн ыстықта межелеп айтқан Құрсайғада жетіп бардық. Қыз, мені үйге дейін емес көше басынан қалдырыңызшы деді.

Сірә үй маңына жігіт әкеліп тастағанын көрсеткісі келмеген болар деп түсіндім.

Көше басынан тоқтап едім жігіт, өзі түсіп есікті ашып қыздың түсуіне көмектестіпп, бет сүйісіп қоштасты. Жасыл көйлекті ару, тас жолға түсіп биік аяқкиіммен өкшесі қисалаңдап ақырын жүре барды. Тәәәк кеттік екінші точкаға деп, жүре бардымда, жігітке қарап 

- Үйленгелі жүрсің ба бауырым?,- деп жұмсақ сұрадым.

- Жоға қайдағы, просто общение деп өзінің пайдаланып жүргенін жайып салды.

Негізі Ұлтшыл емес едім, мен үшін адам болса болғаны. Бірақта сол мезетте қызғаныштан ішім жанып кете жаздады. Өзі де өте жағымсыз сөздерді айтты, қыз байқұстың сұлу түрі көз алдыма келіп жаным ашыды.

Гагарин көшесінде келе жатқан болатынбыз, ақырын жол жиегіне тоқтап, есікті ашып жұлқып қалдым. Олда қызбақанды екен, мықты болсаң көшедегінің бірін қатын қылып алмайсыңдар деп алғашқы увазды маған сылқ еткізді.

Обьем 1.6 болсада 4-5атар оғым барғой менің де, көшеде апыр топыр салысып алдық. Менің де бір Увазым тиген болар біздиген мұрнынан қан сау ете қалды. Ақ көйлек қан, жұрттар әпкенде көргендей қарап тұр. Болды тоқтатайық деп өзім ұсынып едім, Сотқар достарын атап қорқытуға көшті.

Бауырым бір жылдың 6 айында қалада болам, бытавой әңгімеңмен разборкаң болса хабарласарсың деп тел номерімді қалдырып, қаным басыма шауып жүріп кеттім. Бұл Гераклдық емес қазіргі уақыт заң күшті. Біреу тепсе "Кешіріңіз, аға, менің құйрығым сіздің аяғыңызға тиіп кетті", деп тыныш жүретін заман емес пе?

Тееек сабырсыздық пен қызғаныш кеудемді кернеп кетті.

Айналайын, қазақ қыздары, намысты болайықшы. Шылғауы сасып тұрса да қазақ жігітіне кім жетсін?!

Алмас Альжанов, facebook парақшасынан

Бұ атаңанәлеттермен қалай күрессек болады енді?!
Toyota Alphard немесе Әзірейіл такси
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу