«Цитадель» - мың жылдық тарихы бар нысан

Oinet.kz 18-11-2021 1020

Screenshot_30.jpg

«Шымкенттің 2200 жылдық тарихы бар» деген батыл пікірді алғаш рет екі мыңыншы жылдардың басында белгілі археолог Бауыржан Байтанаев айтқан болатын. Жасыратыны жоқ, алғашқыда бұл пікірмен  тарихшылар келісе қойған жоқ. Шымкент жазба деректерде 14 ғасырдан бастап кездеседі. Қаланың тарихы одан 1500-1600 жыл бұрын басталған деген байлам жасау үшін жеткілікті дәлел керек еді. Алайда қаланың тарихи орнында Байтанаевтың жетекшілігімен жүргізген археологтар бұлтартпас жәдігерлерді тапты. Осыдан бірнеше жыл бұрын Шымкентте отандық, шетелдік археологтардың қатысуымен өткен ғылыми конференцияда қаланың бұдан кемінде 2200 жыл бұрын пайда болғаны ресми түрде жария етілді.  

- Қаланың тарихи орны-«Цитадель» нысанының тарихы өте тереңде жатыр. Ол осыдан мың жыл бұрын да болған. Қытайлық будда монахы, атақты саяхатшы   Сюаньцзан оны жетінші ғасырда суреттеп жазған. Қаланы екі мың жылдан астам тарихы бар деген пікірмен кейбір азаматтардың келіспегені рас. Кешегі отаршылдық дәуірінен қалған «өзін өзгелерден төмен санау» психологиясы бізде әлі де бар. Кейінірек  ЮНЕСКО-дан хат келіп еді, бәрі «сенің зерттеулерің дұрыс екен» деуге көшті. Биыл қаланың 2200 жылдығы ЮНЕСКО-ның деңгейінде аталып өтуі тиіс еді. Алайда пандемия оған мүмкіндік бермеді. Бірақ 2200 жылдық датаны пандемия біткеннен кейін кеңінен атап өтуге болады. Мерейтойдың ЮНЕСКО-ның деңгейінде аталып өтуі сөз жоқ, Шымкент үшін өте маңызды. Әлем Шымкентті таниды. Оның сан ғасырлық тарихын білетін болады. Бұл мегаполис үшін өте үлкен мүмкіндік,-деді ғалым. 

Мәртөбе-Ұлы дала Парламенті
Шымкенттің негізін түркі тайпалары қалаған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу