Мариям ана - тазалықтың сақтаушысы

Oinet.kz 17-11-2021 1773

 Screenshot_27.jpg

Шымкентте туристер жиі келетін тарихи-киелі орындардың бірі Мариям ана кесенесі. Аталған кесене Қаратау ауданына қарайтын Сайрам елді мекенінде орналасқан. 

Қабірстанға кіреберіс оң қапталда мешіт, одан соң қабірстан бар. Екеуі де Мәриям ана атымен аталады. Бибі Мәриям ана атымен аталатын жазбалар мен ел аузындағы әңгімелерде екі түрлі дерек бар. Бірінде – мұнда Хаммад қажының қызы Бибі Мәриям жерленген дейді. Ол жастайынан құлшылыққа бой ұрып, шариғат заңдарын мүлтіксіз орындап өткен екен.

760-770 жылдары Сайрам, Түркістан аумағына исламды тарату мақсатымен  Ысқақ бабаның бастауымен Абдал-Әзіз баб, Түкті Шашты Әзіз баб әскері келеді. Солардың ішінде Мариям ана болады. Пайғамбар Мариям анаға батасын беріпті. Ол әйелдерді намаз оқуға үйретуге көмектескен. Мариям ананың емшілік қасиеті де болған.

Теріскей өңіріндегі құдіреті күшті, ең жасы үлкен әулие әйел – Гауһар ана бибі Мәриямның түсіне еніп «Пәктік пен тазалық, әділдік пен ақиқатты сақтаушы пір ретінде елге таныласың» деп аян беріп, жарылқаған екен.

Мариям ана кесенесі зияратшылар үзілмейтін, Шымкент қаласындағы туристік нысандардың бірі саналады. 

Тарихи-сакралды саяхат Шымкенттен басталады
Сайрам көне һәм жаңа қала
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу