«Әлі қанша қазақ алданар екен?» - Мақсат Толықбай (фото)

Oinet.kz 21-10-2021 1662

Белгілі тележүргізушә Мақсат Толықбай миллионер болудың қыр сырын үйрететін, коучтарды қатаң сынға алды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Мақсат.png

- Таста бәрін. "Миллионер болғың келе ме?" Осындай жарнамаға алданамыз. Бизнес-тренинг өткізгіштер неге көбейді? Бұл ақша табудың ең керемет жолы ғой.

Ең қызығы, бизнесмен болуың шарт емес. Орақ тілді, от ауызды және манипуляцияның шебері болсаң жеткілікті.  Жұртты бизнеспен айналысуға шақырардан бұрын,  Дейл Карнегиден бастап адам сеніміне кірудің тоқсан тоғыз айласын үйрететін кемінде атақты 20 коучтың кітабын оқып шық! Сөйтіп,  жұрттың санасына тренингке қатыссаң, өмірің өзгереді деген ойды мықтап сіңіресің.

Өзгергісі келетін кімдер?  Жұмыссыз,  қиын жағдайға тап болғандар,  жалақысы аз,  оңай олжаға кенеліп тез байып кетуді көздейтіндер. Сендіре алсаң болды. Кредит алып,  соңғы тиынын санап беруден тайынбайды. Айтпақшы, семинардың тақырыбын "1 айда миллион теңге табудың жолдары",  "бай болудың құпиясы", "іскер әйел бол" деп қоясың! Клиент тарту үшін бірінші сабағыңды тегін өткізесің. Қазақ тегін дүниені жақсы көреді. Жарнамасын  айқайлатын мыңға жуық адам жинайсың. Бай болудың құпиясын бірден жайып салмаймын,  сізге керек "кілтті"  1 апталық ақылы курста оқытамын" дейсің. Отырғандардың 20 пайызы алдыңа қайта келеді. Алдап-арбап 300 адамнан 350 мыңнан жинап алсаң болды. Сол күннен бастап сен миллионерсің! 105 миллион теңге қалтаңда. Ойлаш.. Айтпақшы, фотосессия жасат, үстіңе қымбат киім киіп,  астыңа қымбат көлік мініп,  шашыңды жақпамаймен қайырып,  іскер,  дәулетті бизнесменнің рөлін сомдайтын бол!  Арасында "неге өзге ұлт өкілдері бай болуы керек, қазақ жастары базарда арба айдауы керек пе?"  деп өзіңді патриот ретінде көрсетіп қойсаң, тіпті,  ауыздарын ашып, аһ ұрып, сені құдайдай көреді. 

-Былайша айтқанда алаяқсың ба?

-Иә...

-Қой, рақмет, ұят емес пе?

-Әй, ұялатын ештеңесі жоқ,  "бүйтсең миллионер боласың, сөйтсең миллионер боласың"  дейтін бизнес-тренерлер барлық елде бар. Өйткені,  жылтыраққа жаны құмар, қиындыққа тап болған, тез байығысы келетін адамдар әр нәрседен үміттенеді.

Ағайын, ақша оңайлықпен келмейді. Тек еңбек, еңбек, еңбек. Осындай жарнамаларға әлі қанша қазақ алданар екен?! - деп жазды Мақсат Толықбай.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мақсат Толықбай (@maksattolykbai)

«Екі қайын ағам ұрды, қайын әпкем бетімді күйдірді» - түркістандық келін (видео)
​Победитель конкурса «Shymkent-2200» предложила реконстрировать Дворец металлургов
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу