Туристік орталық мамандары игі іске ұйытқы болды

Oinet.kz 24-04-2021 609

Screenshot_11.png

Рамазан айы тек ішіп-жеуден ғана тыйылатын емес, жүректі, жанды тазартатын ай. Қасиетті айда қайырылымдылық жасап, сауапқа кенелгісі келетіндеп көп. Қайрымдылық шаралар қала әкімі 

Мұрат Әйтеновтің “Рамазан - қайрымдылық айы” атты акциясын қолдау мақсатында өтуде. Шымкентте кәсіпкерлерден бастап тәртіп сақшылары, мемлекетік қызметкерлер, депутаттар шама-шарқынша жақсылық жасап, мүмкіндігі шектеулі, отбасылық ахуалы төмен отбасыларға азық-түлік себеттерін таратуда. 

Осы тұста Шымкент қаласы Туризм басқармасының «Shymkent Tourism Center» туристік ақпараттық орталығы» КММ қызметкерлері қайырымды істен қалыс қалмады. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай 30 отбасыға жақсылық іс жасау ниетімен Рамазан айында тұспа-тұс «Shymkent Tourism Center» туристік ақпараттық орталығы» КММ қызметкерлері әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттерін 30 отбасыға таратып шықты. Осы ізгі амалымызды жүзеге асыруға @volontery_ana_zholy қоры туристік орталыққа көмектескен. 

Ал орталық қызметкерлері еріктілерге шексіз алғысын жеткізіп отыр.  Алдағы уақытта да, қайрымдылық іс-шараларды жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді. Қайырымдылық қайтымды іс демекші, әрбір адам жасаған жақсылығына Жаратқан жауап береді. Шымкент тұрғындарына көрсетілген көмек те көпке үлгі болды. 

Forte Bank Шымкентте контент-тур ұйымдастырды
2200 жылдық Шымкент тарихы туралы ғылыми конференция өтуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу