Биыл шағын және орта кәсіпкерлер өнімі қарқынды

Oinet.kz 15-04-2021 830

Screenshot_5.jpg

Елімізде шағын және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушыларжүзеге асыратын, барлық негізгі стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару сипаты икемділігімен, формалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс және басқару саласында да жұмысшылардың өзара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.

Бүгінде Шымкентте шағын және орта кәсіпкерліктің негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалады. Негізінен оңтүстік өңірі еңбекке бейім аймақ болғандықтан бұрыңғы уақыттан бастап кәсіп түбі нәсіпке жетелеп келеді. Осы жылдың үш айында олармен шығарылған өнім көлемі 699,1 млрд.теңгені құрап отыр. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,1% өсімді көрсетті. Ал 2019 жылдың 9 айында шағын және орта кәсіпкерліктен 630,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілген болатын.

Бүгінде мегаполисте жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлер саны 68 264 бірлікті құрайды. Аталған кәсіпорындарда 166 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. 

Шағын және орта кәсіпкерліктің әрі қарай дамытуды және бекітілген индикаторлардың орындалуын қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы арқылы қол жеткізілетін болады.  Жалпы Қазақстан экономикасын алға жылжытуда және әлеуметтік, макроэкономикалық мәселелерді оңтайлы шешуде шағын және орта бизнесті орны маңызды. 


«Жұлдызды» 25 жоба!
Заманауи емхана күніне 500 адам қабылдамақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу