Ағаш отырғызу акциясы – Дендросаябақта

Oinet.kz 14-04-2021 870

Screenshot_10.jpg

Биыл елімізде экологиялық туризмді дамытуға көптеп көңіл бөлініп отыр. Шымкентте Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай әрі қаланың 2200 жылдығын ескере отырып ағаш отырғызу акциясы жалғасуда. Өздеріңізге белгілі, қаланы көгалдандыру бойынша апта сайын ағаш отырғызылып жатыр.

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы бастамасымен қаламыздағы тарихи орындардың бірі А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябаққа 100 түп көпжылдық ағаш көшеттері отырғызылды. 

Аталған акцияға “Nur Otan” партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева, қалалық «Әйелдер қоғамының» төрайымы Баян Жандасова, «Азаматтық Альянс қауымдастығы» мүшелері қатысты.

- Қасиетті Рамазан айын тал отырғызып, сауапты істерден бастап жатырмыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында елімізде 2 млрд. ағаш отырғызылуы жайлы айтып өткен болатын. Шымкентті жасыл қалаға айналдыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық кеңес мүшелері мен аудан белсенділері атсалысты. Бүгінгі акцияда боз арша, үйеңкі, шаған, қара тал көшеттері егілді, - деді «Азаматтық Альянс қауымдастығының» президенті Жұмағали Білісбеков.

Айта кетейік, күні кеше Қаратау, Абай және Еңбекші аудандарында 1700 түп көшет егілген болатын.


Мұрат Әйтенов болашақ кәсіпкерлерге жол сілтеді
Жекеменшік балабақшалар саны артады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу