Шығармашылық қабілетке ие бала тәрбиелеу
Баланың болашағы оның ұясында көргенімен тікелей байланысты. Шығармашылық қабілетке ие болуы да баланың ата-анасына тікелей байналысты. Шығармашылық қабілет ұғымы нені білдіреді? Орыс физиологі А.А. Ухтомский: «Кім де кім әлемді белгілі бір өлшемсіз, ересіз және қалыптасқан жүйе бойынша қабыл алмаса, сол өз болашағының иесі болады», – деген болатын. Көбіміз, шығармашылық ұғымын естісек, бірден ән айтып, би билеуді елестетеміз. Шындығына келгенде, шығармашылық қабілет – бақытын өз қолымен құра білу, тәуелділіктен азат болу. Соңғы уақытта «психология» сабақтарына деген сұраныстың жоғары екені жасырын емес. Екі әлемнің ешкімге байқалмайтын тайталасы жүріп жатыр: Әлем «ешкімді тыңдама, өзің үшін сүр», – деп дабыл қақса, тәрбие бойынша «жұрт не дейді?» деген қысым да бар. Осыдан-ақ адам психологиясында өзара тартыс орын алады. Бұл адамның шығармашылыққа жақын болуына кедергі келтіреді. Сонымен, бала бойындағы шығармашылық қабілетті қалай дамыытуға болады?
Бірінші шарт: Мұны ата-ананың бір-біріне, балаға, туысқандарына, қоғамға әне әлемге деген қарым-қатынасы арқылы реттеуге болады. Қысқаша айтқанда, «отбасыдағы өнегелі атмосфера».
Балада: • Әкеге құрмет көрсету мүмкіндігі;
• Эмоциональды түрде анасына жақын болу мүмкіндігі болуы шарт. Екінші шарт: Шығармашылық қабілетке ие балалар көбіне отбасылық жағдайы «ашық-жарқын» ортада өседі:
• Әзіл-қалжың барлық уайымның емі, отбасылық өмірдің нәрі болуы тиіс.
• Ата-ана бойындағы оптимисттік көңіл-күй. Әсіресе, анасынан жиі байқалуы тиіс. Үшінші шарт: Бауырларының болуы: бұл баланың қоғамдық ортада өзін ұстауы, сезінуі мен қабылдауына әсер етеді. Төртінші шарт: Баланың бойындағы шығармашылық қабілеттің дамуына әсер ететін тағы бір нәрсе – үйде музыканың ойнауы. Музыкалық аспап па, әлде отбасы мүшелері өздері әндете ме бәрібір?! Бірақ, бала музыканы сезініп өсуі тиіс Бесінші шарт: Егер мынадай дәстүрлердің ең аз дегенде бірі үйіңізде орын алса, балаңыздың шығармашылық қабілетке ие екеніне күмән келтірмеңіз:
• Балаларға дауыстап кітап оқу,
• Балалар ойындарында ересектер мен балалардың бірлесе ойнауы, • «Балалар театры». Кей үйде кішкентай қыздар сән қойылымын жасайды, бірімен театрға саяхаттай аласыз. Алтыншы шарт: Баланың бағасы мен тек жетістіктеріне ғана мән беру арқылы баланың бойындағы шығармашылық қабілетті өлтіріп аласыз. Оның орнына:
• Баланың «бала» қылықтары қаншалықты адамшылыққа жатады (Тәрбие) • Баланың іс-әрекеті қаншалықты шынайы (тырысу немесе өтірік айту) екеніне мән беріңіз. Жетінші шарт: Дәл осы саланы зерттеген америкалық психолог Вернон баланың шығармашалық қабілетке ие болуы анасымен байланысты екенін алға тартады: «... үйдің анасы ылғи өзінің біліміне күмәнмен қарап, оны жетілдіруге тырысуы тиіс». Яғни, «ақылды» бала өсіру үшін анасы ылғи өзін-өзі дамытып, жаңа, тың ақпаратты еркін қабылдай білуі тиіс. Қалай ойлайсыз, сіз қаншалықты қабілетті баланы тәрбиелеп жатырсыз?
Дереккөз: massaget.kz