Некені бұзатын негізгі жеті себеп
08-04-2021
Алдымен бір хабарламаңыз жауапсыз қалады. Кейін он, одан әрмен сіздің қоңырауыңызға жауап қатпайтын болады. Уақыт өте байланыстың бәрі үзіледі. Ендеше, сіз гостинг құрбаны болдыңыз. Гостинг (ағылшын тілінде ghosting) – байланыстың еш себепсіз кенеттен үзілуі, заманауи лексикаға жаңадан енген сөздердің бірі. Дегенмен, адам қарым-қатынасында мұндай жайттар осыған дейін де кездескен. Қарым-қатынасты тоқтатудың өзге әдісін қолданбай, гостинг әдісін таңдаған адамдардың әрекетіне не себеп болады? Психологтар бұл сұрақ төңірегінде зерттеуді жақында ғана бастады. «Гостинг жайында өзекті жазбалар айтарлықтай көп емес» – деп өкінішін білдірді Оңтүстік Каролина, Рок-Хиллдегі Уинтроп университетінің психология кафедрасның доценті Тара Коллинз. Гостинг жаңа құбылыс па? Гостинг – күнделікті өмірімізде жиі кездеседі және бәрінің басынан өтуі мүмкін. Journal of Social and Personal Relationships басылымында жарияланған сауалнама нәтижесі бойынша, 1300 адамның төрттен бір бөлігі гостинг құрбаны болғанын, ал, кейбірі өздері гостинг әдісін қолданғанын айтты. Достықтағы гостинг жиі кездеседі. Қарым-қатынастың аяқталуы – қалыпты құбылыс. Ол үшін адамдар әртүрлі стратегияны қолданады. Технологияның өмірімізге енуімен адамдардың қарым-қатынасында өзгешеліктер пайда болуы мүмкін. «Меніңше, адамдар бірін-бірі елемеуді бұрыннан-ақ әдетке айналдырған. Бұл құбылыс әлеуметтік желі мен технологиялардың пайда болуымен анық байқала бастады» – дейді Коллинз. Адамдар неге араласуды тоқтатады? 2012 жылы Journal of Research in Personality жарияланған зерттеу бойынша Коллинз әріптестерімн бірге айырылысу тактикасына сараптама жасап, жиі кездесетін себептерді жіктеді. Ең жиі кездескен себеп – «ашық келісім» – серіктердің қарым-қатынасты тоқтатуын еркін талқылауы болса, екінші орынға «қашу» стратегиясы қолданылған. Одан бөлек «өзін-өзі кіналау» стратегиясы, яғни, «мәселе сенде емес, менде» деу арқылы қарым-қатынасқа нүкте қойған. Өзгелерді араластыру арқылы байланысты тоқтатуға тырысқандар да бар. Коллинздің пайымдауынша, гостинг «Қашу» стратегиясы мен соғы өзге біреуді араластыру арқылы қарым-қатынасты үзудің жиынтығы. Бұл жерде өзе біреуді хабарламалар алмастыруы мүмкін. Кімдер жоғалады? Гостинг құрбаны болғандар көбіне кінәні өздерінен іздей бастайды. Дегенмен, гостинг құрбан болғаннан гөрі, сол іске барғандардың болмысынан хабар береді. Бұл тірлікке барғандардың қолынан адамдарға бауыр басу келмейді. Сонымен қатар, олар қарым-қатынастыы жетілдіру үшін жұмыс жасаудың қажеті жоқ деген пікірмен өмір сүреді. Сонымен қатар, олар мәселеден қашу арқылы құтылуға тырысады. Гостингтің адам ағзасына әсері толық зерттелмесе де, психологтар остракизм құбылысын байқаған. Нәтижесінде мидың физикалық дертке себепші аймағы зардап шегеді. Осы себептен гостинг қарым-қатынасты аяқтаудың ең ауыр әдісі болуы мүмкін.
Дереккөз: massaget.kz