Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Қашанда, қай кезде болмасын «ішімдікті» жақсы нәрсемен байланыстырмаған. Өйткені, оның пайдасынан зияны, құрамы у-ға толы. Құмарын қандырып, отырысты одан әрі қыздыру үшін ішеміз деген себеп табылары анық. Десе де, ағзаға тигізетін кері әсері бір бөлек, ертеңгі ана бүгінгі қыз бала үшін зиянын білесіз бе?
Арақ-шараптың зиянды екені белгілі, ал оның калориясы өте жоғары екенін әркім біле бермейді. Бір отырыста ішілетін «жеңіл шараптан» организмге тұтас бір күнде алатын калорияның екі есесі түседі.
Мәселен, жай ғана cырада алкогольден басқа, көптеген көмірсу болады, ол лезде майға айналады. Демек, бұл семіруге ғана алып келмейді, зат алмасудың бұзылуы туралы берілген сигнал.
Әйел организмі ішімдікке өте сезімтал. Арақ-шарап әйелдердің негізінде жыныс мүшелеріне, ішкі секреция бездеріне қатты әсер етеді. Соның салдарынан көп жағдайда олардың аналық клеткасы өліп қалады.
Екіқабат әйел арақ-шарап ішкенде, қан арқылы. Содан өсіп келе жатқан ұрықтың зат алмасуы бұзылып, уланып, түрлі оқыс өзгерістерге душар болады. Кейде бала іште өліп қалады немесе мүгедек болып туады. Сондай-ақ, маскүнемдікке салынған әйелдер ерте қартайып, тоқырап қалады.
Арақ-шарапты салынып ішкен адамның бүйрегі мен бауыры, жүрегі мен нерв жүйесі алуан түрлі қатерлі ауруларға шалдығады. Көрсе қызарлықтың, нәпсі құмарлықтың салдарынан маскүнемдер жыныс ауруларына жиі душар болады.
Ал сіздің ше арақ-шарап ішкен жөн бе?
Дереккөз : anabol.kz