«Еңбектің» жемісін көріп отыр

Oinet.kz 24-10-2019 813

Screenshot_17.jpg

Қазақта «Аш адамға балық берме, қармақ бер» деген қанатты сөз бар. Қазіргі таңда елімізде жүзеге асырылып жатқан Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын осы мақалдың баламасы деуге де болады. Себебі дәл осы бағдарламаның арқасында күн көрісі төмендеген отбасылардың жағдайы жақсарып, кәсіппен айналысуда. Мұндай жандар Кентау қаласында да жеткілікті. 

Бағдарлама  аясында пробация қызметі есебінде тұрған, жасы 29-ға дейін 4 баладан жоғары ата-аналар оқып, сертификат ала алады. Содан 505000-252500 дейін қайтрымсыз ақша алып, өз кәсібін ашуға мүмкіншіліктері бар.

Мәселен пробация қызметі есебінде тұрған қала тұрғыны Тайжанов Хайрғали 200-100 МРП 1 505000 грант алып, оған шаруашылық саласын қолға алып үш сиыр алған. Сол секілді Шыныбек Асылбек 100 ге жуық тауық алса, Каришов Нуржан 8 қой алған. Осы секілді бірнеше тұрғын мемлекеттен қолдау ретінде беріліп жатқан грант алып, тиімді қолданып өз шаруаларын жүзеге асырып отыр.


«Бір оқпен екі қоян ататын» шаруалар артып келеді
Кентау жылу маусымына дайын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу