Кентау жылу маусымына дайын

Oinet.kz 24-10-2019 696

 Screenshot_19.jpg

Кентау қаласы жылу маусымына толықтай дайын. Бұл туралы Кентау қалалық №5 Жылу орталығының басшысы Сәбит Дауылбаев жергілікті тілшілер мен белсенділер алдында атқарған жұмыстары бойынша берген брифинг барысында мәлімдедіКәсіпорынның құрылтайшысы Кентау қаласының әкімдігі және мемлекеттік басқару органы қалалық тұрғын – үй коммуналдық шаруашылығы, тұрғын-үй инспекциясы бөлімі болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің нысанасы мен негізгі мақсаттары:

- электр және жылу энергиясын өндіру, беру және тарату;

- электр желілері мен кіші электр станцияларды пайдалану.

№5 ЖЭО-ғы 1934 жылы құрылған. 1952-1956 жж. аралығында қайта жаңартылған. Қазіргі таңда кәсіпорында 8 қазандық , 2 турбоагрегат бар.

Кәсіпорынның орнатылған жылу қуаты – 168 Гкал/сағ., қолданымдағы қуаты – 126 Гкал/сағ. Тұтынушылар саны: 337 көп қабатты үйлер бойынша – 11 691 абонент, 2240 - жеке үйлер, 104 – бюджеттік мекемелер, 401 – коммерциялық нысандар. Кентау қаласына толыққанды жылу ағымдағы жылдың 27-ші қазан айынан бастап бере бастаймыз деген мекеме басшысы Сәбит Арапұлы, қоймада екі айлық көмір мен мазут барын атап өтті, журналистер тарапынан берілген сауалдарға толыққанды жауап берілді.


«Еңбектің» жемісін көріп отыр
«Достық керуені» - татулықтың нышаны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу