«Бір оқпен екі қоян ататын» шаруалар артып келеді

Oinet.kz 24-10-2019 749

Screenshot_16.jpg

Түлкібас ауданында жерлерін әртараптандыру мақсатында жылына бір жерден екі өнім алуға бағытталған шаруашылықтар қатары артып келеді. Мәселен, биылғы жылы аудан аумағында бес шаруа қожалық 15 гектар жерден бір жылдың ішінде 474,5 тоннаны құрайтын екі қайтара өнім алып, табыс көзінің артқанын айтып отыр. «Бір оқпен екі қоян атуды»  меңгеріп алған шаруалар бұл тәсіл пайданы ғана арттырмайды, сонымен қатар топырақты да нығайтып, тыңайтады дейді.  

Бүгінгі таңда аудан әкімі Н.Тұрашбековтың тапсырмасы негізінде аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің мамандары осы бағытта үгіт-насихат жұмыстарын жүргізілуде.

Нәтижесінде, биылғы жылы бір жерден екі өнім алып, табысқа кенелген шаруашылық иелерінен бөлек келер жылы 149 шаруа қожалық иелері қызығушылық танытып, осы бағытта жұмыстар жүргізуге ниетті екендіктерін жеткізіп отыр. Жылдан-жылға әлеуметтік-экономикасы артып келе жатқан Түлкібас ауданында ауылшаруашылығы тауарын өндіруші шаруаларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдаулар көрсетіліп, жүйелі түрде жұмыстар іске асырылуда.


Қарашыққа 2000 жыл
«Еңбектің» жемісін көріп отыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу