Оқуда жүрген күндерге жалақысы сақталып, төлене ме?

Oinet.kz 08-11-2019 1024

Жалақы.jpg

Сұрақ: Балабақшадағы тәрбиеші 15 күнге оқуға жіберілді. Оқуда жүрген күндеріне жалақысы сақталып, төлене ме?

Жауап: Жұмыскер оқуға жұмыс берушінің мүддесіне сәйкес жіберілсе, онда мекемеде оқу іссапары туралы бұйрық шығарылады.

Ал, ҚР Еңбек кодексінің 127 бабының 1 тармағында іссапар уақытында жұмыскердің жұмыс орны мен іссапар күндеріне келетін жұмыс күндері үшін жалақысы сақталады делінген.

Толық емес жұмыс уақыты негізінде жұмыс істей аламын ба?
2 жыл магистратураны бітіргенше жұмыстағы орным сақтала ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу