«Қарттарым асыл қазынам»

Oinet.kz 18-10-2019 763

Screenshot_4.jpg

Ақылдың кені, өмірдің мәні қаряилар емес пе. Қашан да жастарға үлгі-өнеге болып, кеңесін, батасын амайтын қарттарға құмет көрсету, қамқорлық жасау біздің парызымыз болып саналады. 

Осы ретте Созақ ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарым асыл қазынам» атты аудандық ардагерлер арасындағы өнер байқауы өтті. Шараға Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйытқы болды. Аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінде өткен байқауға әр ауылдық округтер мен кенттерден 63 жастан асқан үміткер қариялар қатысты.

Шараның мақсаты - аудан көлеміндегі үлгілі, білімді де, саналы қадірлі ақсақал, қарияларымыздың бойындағы жақсы да өнегелі қасиеттерін бүгінгі жас ұрпақ арасында кеңінен насихаттау.

Сайыскерлер 3 талап бойынша өзара мықтыны анықтады. Атап айтсақ, қариялар өзін өзі таныстыру, бата беру, өз өнерлерін көрсету талаптары бойынша би шешендердің сөздерінен үзінділер айту, қисса, дастан, көркемсөз оқу, күй, терме, дәстүрлі ән орындау сияқты талаптар бойынша өнер көрсетті.


Спортты серік етсін деп...
Басшылар ашық қызметке кірісті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу