Ұзақ демалыстан кейін жұмысқа қалай кірісуге болады?

Oinet.kz 28-02-2019 1014


476-1476211658-f4f1f1403a.jpg

Пайдалы кеңестер:

ҮЙДЕ: Жұмысқа жақсылап кірісу үшін, үйіңізде болғанда ұйқыңызды белгілі тәртіппен болуын қадағалаңыз. Ұйқының оргнанизм үшін маңызы орасан зор. Жақсылап ұйқыңызды қандырыңыз. Денеңіз бір сергіп қалу үшін душ қабылдап алыңыз.

ТАМАҚ: Тамақтану тәртібін қадағалаңыз. Ешқашан да түскі ас уақытын жіберіп алмаңыз. Күнделікті тағамдар құрамына майсыздандырылған ірімшік, банан, алма, шие, өрік, орамжапырақ, жаңғақ, сәбіз, майлы байлықты қосыңыз.

ЖҰМЫСТА: Бірінші жұмыс күнінде жұмыста аялдап қалмаңыз. Жұмыс уақытысы кезінде 10-15 минутқа үзіліс жасап отырыңыз. Содан кейін жұмыс үстеліңізден артық заттарды жинап, ретке келтіріп, алдағы атқаратын жұмыстарыңызды белгілеңіз. Алға қойған мақсат болашаққа сенімді қадам басуға, ойыңызды жинауға септігін тигізеді. Бірден аса күрделі жұмысқа кіріспеңіз. Жұмысты жеңілінен бастағаныңыз дұрыс. Үзіліс кезінде әріптестеріңізбен сөйлесіп, демалыстағы әсеріңізбен ой бөлісіңіз. Ол сіздің көңіл-күйіңіздің жақсы болуына көмектеседі. Жұмыс уақытында жеңіл жаттығулар жасап тұрыңыз.

Дереккөз : anabol.kz

Гүл өсірудегі ең оңай әрі тиімді тәсілдер
Тар аяқ киімді созудың жолдары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу