Жемқорлықпен күрес - ортақ іс!
Төлеби аудандық мәдениет үйінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, және оның алдын алу шараларына арналған мәжіліс өтті. Мәжіліс отырысын аудан әкімі Б.Омарбеков ашып, жүргізді.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше жиынға Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің Сайрам аймағы бойынша басқарма басшысы Талипов Шакир Шагирбаевич арнайы келіп, ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жасалып жатқан жұмыстармен танысты.
Сонымен бірге мәжіліске аудандық мәслихат хатшысы Қойбағаров Нұрлан Хамзаұлы, аудан прокуроры Тлемисов Даулет Бекбашұлы, аудандық ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшесі бастығы Шагирбаев Айдар Нұрланұлы, аудандық полиция бөлімінің бастығы Жанаев Бауыржан Даулетханұлы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, аудан әкімі орынбасарлары, бөлім басшылары мен қызметкерлері, дербес бөлім басшылары, қала, ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары, мектеп директорлары, бала-бақша меңгерушілері мен колледж директорлары шақырылды.
Кездесу барысында Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Дүйсебаев Сержан Дауылбайұлы Төлеби ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасады.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің Сайрам аймағы бойынша басқарма басшысы Шакир Шагирбаевичта сөз алып, жиынға қатысушыларды адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарына жақын болуға дәріптеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамды қалыптастыруда бірлесе жұмыс жасауға шақырды.