Тұрғындардың сөзін тыңдады
Билік басшылары жергілікті тұрғындардың мұң мұқтажын тыңдап, әрбірінің проблемасына құлақ асып немесе қуанышына ортақтасса ғана халық пен биліктің арасында алтын көпір орнайды. «Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген тәмсілді ұстанған Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков кезекті рет тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Әрбір сұрақты барынша жан-жақты қарау үшін жеке қабылдауға қала, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары қатыстырылды.
Қабылдау келген азаматтардың басым бөлігі тұрғын үймен қамту мәселесіне қатысты сұрақтарын қойды. Сондай-ақ, Ақбура әулие кесенесінің басындағы бұлақ су көзін қоршау туралы ұсыныс айтылды. Кездесуге келген бір топ ленгірліктер Алатау мөлтек ауданындағы табиғи газдың қысымын, электр жарығының қуатын көбейтуге ықпал жасау, жолдары топырақ көшелерге тас төсеп беру туралы өтініштерін айтты.
Аудан тұрғындарының талап-тiлектерiн тыңдаған аудан басшысы, сұрақтардың барлығына нақты да толық жауаптар қайтарып, көрсетілген мәселелердің заң аясында шешілетінін айтып, кейбір сауалдар бойынша тиісті дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне аталған мәселелерді шешу үшін тапсырмалар берді.