Бала құқығы басты назарда
Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады. Адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап, оны өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар.
Балалар, ересектер сияқты, негіз қалаушы: сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие, сондай-ақ Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы мен Азаматтық және саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пактіде көзделген заң тарапынан да тең қорғау көрсетілуіне құқылы.
Осы орайда балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының жанынан құрылған «Nur Otаn» партиясы жанындағы балалардың құқықтарын қорғау кеңесінің мүшесі, М.Исказина бастаған республикалық топ Сарыағаш ауданына іс-сапармен келді. Жұмысшы топ өңірлерде «Nur Otan» партиясы "Бақытты отбасы" жобасын жүзеге асыру аясында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды зерделеп саралап шықты.
Республикалық кеңестің топ мүшелері жұмыс барысында Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің «Әлеуметтік –психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторы, №12 Сарыағаш кәсіптік колледжі, Сарыағаш ауданы мүгедек баларды оңалту орталығы, аудандық орталық ауруханасы, сонымен қатар бірқатар білім беру мекемелерін аралап, зерделеу жұмыстарын жүргізіп, бірнеше ұсыныстарды тыңдады.