Ауылдар да цифрланып жатыр

Oinet.kz 16-10-2019 683

Screenshot_29.jpg

Ауыл-аймақ та байланыс желісінен тыс қалмауы қажет. Осы мақсатта биыл жыл соңына дейін Түркістан облысының 14 ауданындағы 172 шалғай ауыл осы кең жолақты байланыс желісіне қосылады деп күтілуде.  Нақтырақ айтқанда Оңтүстік аумақтық телекоммуникация дирекциясы осы жылдың аяғына дейін Бәйдібек, Сайрам, Созақ, Қазығұрт, Отырар, Төлеби, Ордабасы, Сарыағаш, Шардара, Түлкібас, Келес аудандарының, сондай-ақ, Түркістан, Арыс, Кентау қалаларының елді мекендеріне жалпы ұзындығы 1562 шақырымды қамтитын талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізбек. Мамандар бұл істі бастап та кетті. Ғаламторға алғаш қол жеткізетіндердің қатарында Шардара , Қазығұрт аудандары мен Түркістан қаласы  бар.  

   Ал, жоғары жылдамдықты ғаламтормен облыстың 444 мемлекеттік ұйымы мен бюджеттік мекемелері қамтылмақ. Оңтүстік Қазақстан жергілікті желілердің техникалық торабы директорының міндетін уақытша атқарушы Ғани Тұрбековтің айтуынша, жоғары жылдамдықты ғаламтор ауыл тұрғындарына электронды үкіметтің мемлекеттік қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді, сонымен бірге, оқушылардың сандық технологиялар мен электронды оқулық құралдары арқылы білім алулары жеңілдейді және ауылдағы денсаулық сақтау мекемелері тәжірибе жүзінде телемедицинаның артықшылықтарын байқап көреді.


Құс бағып, нәпақа табуда
ПУИД-2 жобасымен танысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу