Шаһар аяққа тұрды

Oinet.kz 12-10-2019 536

Screenshot_13.jpg

Арыс қаласындағы төтенше жағдайдан кейін жергілікті тұрғындардың қайғысына бүкіл қазақ елі қайғырды. Баспаналарынан айырылған отбасыларға халық жұдырық болып жұмылып, көмек берді. Билік те қарап қалмады. Нәтижесінде 3 айда қираған қала әсем шаһарға ацналып шыға келді. 

   Ресми деректерге сүйенсек  жарылыстан 8 мыңнан астам тұрғын үйдің 7634-і зақымданған болса, зерттеу-зерделеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін тұруға жарамсыз 474 үй қайта басынан салынуда. Қазіргі таңда 100 –ден астам үйдің құрылысы жалғасуда. Қаладағы инфрақұрылымды реттеу барысында Арыс қаласының кәріз жүйелері толық жөндеуден өтіп, автоматтандырылды. Зақым келген Арыс көшелері де жаңарды. 16 көшенің аяқжол салу жұмыстары аяқталып, жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қайырымдылық қордың қаражатына салынған үйлері толығымен қиратылған 100 отбасыға арналған 50 екі пәтерлі коттеджден тұратын жаңа шағын ауданныңүйлері аяқталу сатысында тұр. Ішкі әрлеу жұмыстары және үй жабдықтарын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы Арыс қаласындағы құрылыс алаңдарында бас аяғы 134 құрылыс компаниясы жұмыс істеп, 3,8 мыңнан астам жұмысшы және 200 –ден астам арнайы техника тартылды. Арыста 68 әлеуметтік нысан орналасқан (білім беру, денсаулық сақтау және спорт мекемелері), олардың 64-і – күрделі жөндеуді және 4-еуі – толықтай қалпына келтіруді талап етті. Апаттан айтарлықтай зақым келген «Арыс-1» темір жол вокзалының ғимараты толық жөндеуден өтіп, алдына гүлге арналған саябақ салынды. Жарылыстан зардап шеккен 16 орта мектеп толығымен қалпына келтірілді. Күрделі жөндеуден өткен білім ұяларында акт залы мен спорт алаңдары жаңарып, робот құрастыру кабинеті ашылды. Аталған мектептер заманауи құрал-жабдықтармен, компьютер кабинеті, физика-химия кабинеттері мен интерактивті тақта және оқушыларды еңбекке баулитын арнайы кабинеттер талапқа сай жабдықталған.


Күншығыс елімен байланыс нығаюда
Шөкеевке төсбелгі тақты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу