Жастарға арнап футбол алаңшасын салды

Oinet.kz 08-10-2019 744

Screenshot_13.jpg    

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалануы – болашағының жарқын кепілі. Бозбала мен бой жеткендердің теріс жолға түсіп кетпеуінің алғы шарты әрине ол тәрбие. Содан кейін шығармашылық  пен спорт. Шалғай ауылдарда жастарға көбінесе шығармашылықпен немесе спортпен шұғылдануға мүмкіндік бола бермейді. Себебі мұндай орталықтар мен нысандар некен саяқ. 

   Биылғы жыл Елбасының Жарлығымен  «Жастар»  жылы болып жарияланды. «Жастар» жылы аясында қазіргі таңда елдімекендерде, ауылдарда көптеген нысандар пайдалануға берілеуде. Сон.дай-ақ жаны жомарт жандардың демеушілігімен ашылып жатқан нысандар да жетерлік. 

Жақында Созақ ауданы  Сызған ауылдық округіне қарасты Қайнар ауылында жеке кәсіпкер Б.Әлғазиевтың демеушілігімен жаздық сахна және футбол, балалар ойын алаңщалары ашылды.

Іс - шара ауыл әкімі Маманов Серік Сахиұлы, аудандық мәслихатының депутаты Момбекова Гүлжан Төлегенқызы және ауыл ақсақалдары мен ауыл тұрғындары арнайы шақырылды.

Ауыл тұрғындары Б.Әлғазиевке алғыс айтып, отбасына амандық, деніне саулық тіледі. Басшылар кәсіпкерге тәуелсіз еліміздің қарыштап дамуы жолында аянбай еңбек ете беріңіз деген ақжарма тілегін жеткізді. 


Арыстың теміржолы жаңа кейіпке енеді
Қауын-қарбыздан тосап жасайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу