Кентауға - 64 жыл!

Oinet.kz 06-10-2019 724

Screenshot_9.jpg   

 Кентау тұрғындары қала күнін кең көлемде атап өтті. Шаһардың 64 жылдығы қарсаңында қала қонақтары мен тұрғындары орталық алаңға жиналды.  Мерекелік шарада алғы сөзді алған қала әкімі Даурен Махажанов қала тұрғындарын айтулы күнмен құттықтап, қаланың қалыптасуына, өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан тұрғындарды марапаттап, бірқатар азаматтарға облыс әкімінің алғыс хаттары, "Қаланың құрметті азаматы" төс белгісі мен "Ерен еңбегі" атты марапаттар табыс етті. Сонымен қатар, қала әкімінің алғыс хаттары берілді. Осындай үрдісте қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев облыстық мәслихат хатшысының алғыс хаттары табыстап, жергілікті тұрғындарды құттықтап өтті. Кентау қаласында қонақта болған Жапонияның Қазақтан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Танцухико Касай кентаулықтарды қала күнімен құттықтап, қазақ халқының қонақжайлықтарына ризашылығын білдірді. Дүбірлі мерекеде қалалық Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайының өнерпаздары әзірлеген "Кентаудың келешегі кемел" атты концерттік бағдарламаға ұласты. 

    Тұрғындар мерекелік кештен көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты. 


Т.Рысқұловты елі ардақтады
Кентаулықтар өз-өзіне қызмет көрсете біледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу