Ақындардың мүшәйрасы өтті

Oinet.kz 06-10-2019 800

Screenshot_6.jpg

Биыл қарт Қаратаудың етегіндегі шаһар Кентауға 64 жыл! Мерейлі датаға орай қалада түрлі іс-шаралар ұй»ымдастырылуда.  

Таяуда қалалық орталық кітапхана мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Туған тiлде сыры терең жаным бар» атты ақындардың мүшәйрасы өтті. Шараға ауылдық округтерден 12 жас ақындар қатысты. Сайыста әділ қазылар алқасы арасында Кентау қаласының жанашыры, ақын-жазушы Мұхит Махажанов, «Қыр гүлі», «Өмір толқындары», «Көңіл толқындары» атты жыр жинақтардың авторы Раушан Тәшімбетова, «Қаратау тәжі» Республикалық апталық газеті бас директордың міндетін атқарушы Раушан Бейсенбайқызы болды. Мүшәйра 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңі мемлекеттік тіл, ана тілі тақырыбында өрбісе, екінші кезеңде жас ақындар туған жер, отан туралы өлең шумақтарды оқумен өзара сайысқа түсті. Сайыста әділ қазылар алқасының қорытындысы бойынша III орынды Жібек жолы ауылынан Ақбота Ергешбай мен Нұртас ауылынан Жұлдыз Қалдыбек иленсе, II орынға Шорнақ ауылынан Адия Сайлау менен Кентау Гуманитарлық техникалық колледж студенті Гүлзада Қаныбек қол жеткізді. Ал, I орынды Жібек жолы ауылынан Ердәулет Бұхарбаев еншіледі. Баршасынан дараланып, болашағынан көп үміт күттіретін жас ақын Бабайқорғанның тумасы Әсет Рахман мүшәйраның бас жүлдесін қанжығасына байлаған болатын. Қалған қатысушылар ынталандыру алғыс хаттарыменен бағалы сыйлықтарға ие болды. Шараның мақсаты Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақсаты аясында және де Кентау қаласының 64 жылдығына орай, рухани құндылықтарды жаңғыртудың маңыздылығын жас ұрпақтың санасына сіңіру арқылы оларды отансүйгіштікке, елжандылыққа бағыттау, шығармашылық жастардың өнеріне қолдау көрсету болып табылады.


Көпір қарашада ашылады
«Кентау полиметалл» жұмысын бастады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу