Ұстаздармен сұхбаттасты
Ұстаз – ұлы есім. Балаға біліммен қатар тәрбие беретін мұғалімдердің мәртебесі бүгінде айшықталып, көтеріліп келеді. Осы орайда Түлкібас аудан әкімдігінің конференция залында аудан әкімі Н.Тұрашбеков білім саласында үлгілі қызмет атқарып жүрген бір топ жас ұстаздарды қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Кездесу еркін форматта өтті. Аудан басышы кездесудің мақсаты «Жастар жылы» аясында және мұғалімдердің мәртебесін көтеру үшін ауданның білім саласында үлгілі қызмет атқарып жүрген жастарды одан әрі ынталандыру, мұғалімдердің қоғамда алар орындары бөлек екендерін жеткізу дейді.
Жиында сықиған цифрлар емес ашық ойлар айтылып, Нұрбол Әбдісаттарұлы әр жас ұстаздың ой-пікірін тыңдап, сұхбат құрды.
«Жас келсе-іске» деген дана халқымыз жастарымызға әр қашанда сенім артып, қолдау көрсетіп отырған. Бүгінгі кездесуде осы бағытта әңгіме өрбіп, ел болашағы жастарымызға жас ұрпақты тәрбиелеп, сапалы білім беру мемлекетіміздің дамуының басты бағыттарының бірі екені айтылды.
Мерекелік кездесу барысында аудан басшысы жас ұстаздарға қазақ елінің мақтанышы, Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай басылып шыққан өлендер жинақ кітабын тарту етіп, Ел болашағы үшін аянбай еңбек етуге шақырды.