Алғыстарын арқалады

Oinet.kz 05-10-2019 720

Screenshot_2.jpg

Ақылдың кені – қарияларға құрмет көрсету бүгінгі ұрпақтың парызы. Осы орайда Жетісай ауданы Мақталы ауылдық округінің әкімі Берік Қасымов халықаралық қарттар күніне орай елді мекеніндегі барлық қарияларға арнап мерекелік дастархан жайды. Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі мамандарының мәліметінше шараға арнайы ауыл ардагерлерін құттықтап аудандық әжелер алқасының төрайымы Айжамал Қоңырбаева мен аудандық ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары Айнабеков Жахангер келді.

«Ел болам десең бесігіңді тұзе демекші, өткізіліп жатқан игі істер кейінгі жастардың үлкендерге құрмет көрсетіп, ізеттілік танытуына апаратын бірден – бір алтын сара жол деуімізге негіз бар. Мақталы ауылында қарттар күні жыл сайын ауқымды көлемде аталып өтіледі. Үрдіске айналған шара барысында қарияларымыздың елеулі еңбектері бағаланып, құрмет көрсету біздің азаматтық парызымыз. Ата-әжелеріміздің өмір жолы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие, бойларына рухани азық беріп, қоғамның арасында нағыз патриот тұлға болып өсуіне бағыт береді дейді» ауыл әкімі Берік Қасымов.

Салтанатты іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып, өмірден өткен қарияларға құран бағышталды. Осындай іс-шараға демеушілік жасаған ел ағасы Романқұл Ғани Амануллаұлына ауыл тұрғындары өз алғыстарын айтып тарқасты.


Құрметке лайық жандар
Халықтың электронды қызмет алу сауаттылығы артып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу