Жетім балалар тәрбие мен білімнен шет қалмайды
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мақсатында 3 бағдарлама бойынша Сарыағаш ауданында 1494 түрлі форматтағы іс-шара өтіп, 88830 аудан тұрғындары қатысқан. Бұл орта есеппен аудан тұрғындарының 47 пайызын қамтып отыр. Бұл туралы Түркістан облысы Қожа Ахмет Яссауи университетінің кітапханасындағы, Рухани жаңғыру жобалық кеңсесінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында 2019 жылы Сарыағаш ауданында атқарылған жұмыстары тақырыбындағы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары М.Сейтімбетовтың қатысуымен өткен кезекті брифингте мәлімдеді.
Басшының атуынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларының желілік кестесі әзірленіп, бекітілген. Бекітілген кестеге сәйкес тиісті жұмыстар жүргізігені. Атап айтқанда, «Атамекен» бағдарламасы бойынша –18 іс-шара, «Рухани қазына» бойынша –237 іс-шара, «Тәрбие және білім» бойынша - 1240 іс-шара өткізілген. Атап айтқанда «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша аудандық бюджеттен 25 миллион қаржы бөлініп, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасының 800 балалары Машаттағы «Орбита» лагерінде демалып қайтқан. Демеушілер есебінен 22500 оқушыға көмек көрсетіліпті.
Жиын барысында М.Сейтімбетов өзге де бағдарламалардың орындалу барысын айтып берді.