Тіл мерекесі тойланды

Oinet.kz 30-09-2019 817

Screenshot_4.jpg

"Қазақстан халқының тілдері күніне" орай еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі іс-шаралар өткізілуде.  Апталық шеңберінде Елбасының "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" атты мақаласының негізінде, "Ұлттық бірегейлікті сақтау" бағыты бойынша Түркістан көпсалалы техникалық колледжінде  "Гуманитарлық пәндер" әдістемелік бірлестігі жетекшісі Гүлім Торебергенованың жетекшілігімен "Тіліміз мәңгі, жолымыз нұрлы" атты фестиваль өтті. Аталмыш фестивальді колледж директоры Болат Жанәбіл  ашып қатысушыларға сәттілік тіледі. «Жыл сайын бұл мерекені Қазақстанда тұратын ұлт өкілдері мен ұлыстар тойлап келеді. Атап айтқанда, Қазақстанда 100-ден асатын ұлттардың біразында өз тілдерін оқытатын мектептері бар және оларды мәдени-рухани қолдау бағытында Қазақстан халқы Ассамблеясы да жұмыс істеп тұр. Көпұлтты еліміз әрдайым татулықты ту етіп , бейбіт заманда қарыштап дами берсін»,- деді  Болат  Серікұлы. 

 Фестиваль жоспарына сәйкес колледжде білім алып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің студенттері "Тілдер тілегі" таныстыру, "Өнерім-өмірім" ұлттық өнер , "Жайылсын киелі ақ дастархананым" ұлттық тағамдарын таныстыру бойынша өнерлерін ортаға салды. Сахнада орыс ұлтының , түркі ,өзбек , гүрді, татар, қырғыз ұлттарының ұлттық билері, әні мен ұлттық тағамдары таныстырылды. Фестиваль қорытындысы бойынша қатысушылар сыйлықтар мен дипломдармен марапатталатын болады. 



Жемқорлықпен күрес тоқтамайды
Мемқызметшілер бас қосты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу