Мейірімділік үлгісін көрсетті
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменттің бастамасымен «Мейрімділік үлгісі» акциясы бастау алды. «Түркістан-адалық алаңы» Жобалық кеңсесінің қызметкерлері де «Мейірімділік үлгісі» акциясының жоғарғы дәрежеде өтуіне өз үлестерін қосты.
Спорттық шараға Түркістан облысында орналасқан барлық құқық қорғау органдарының және заң саласының 300-ден астам қызметкері, оның ішінде облыстық сот пен прокуратура, Полиция, Ұлттық қауіпсіздік, Экономикалық тергеу, Қылмыстық-атқару жүйесі, Төтенше жағдайлар, Кірістер және Әділет департаменттерінің басшылық және жеке құрамы, әскери қызметшілер қатысты.
Акцияның мақсаты-тұрмысты төмен отбасыларға, жетім балаларға, Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайдан зардап шеккен отбасыларға жәрдем көрсету болып табылады.
Әрбір қатысушы ерікті түрде 1000 теңге және одан жоғары қатысу жарнасын төлей отырып, қайырымдылық шараға өз үлестерін қосты. «Мейірімділік үлгісі» акциясы аясында құқық қорғау органдары арасында Түркістан күзгі марафоны өтті.