Жастықты қалай күту керек?
Ұзақ пайдаланған жастықтар пішінін жоғалта бастайды. Сондықтан егер жастығыңыз сапалы болса – үйде, ал, нашарлау болса химиялық тазалау орталығында тазартқаныңыз жөн болады.
Жастықты аптасына бір рет таза ауаға шығарып, желдетіп тұрыңыз. Қауырсын жастықтарды жылына 1-2 рет күннің көзіне ұстап, кептіріп алған дұрыс. Өйткені, олар ылғалды өзіне сіңіріп алады. Егер ескі жастығыңызда иіс немесе көгерген дақтар пайда болса, міндетті түрде жаңасына ауыстырыңыз. Мұндай жастық денсаулыққа зиян.
Жуу.
Синтетикалық жастықтар жылына 2-3 рет жуылады. 50°С темпертураны таңдап, кір жуғыш машинаға салыңыз.
Қауырсын жастықты залалсыздандыру үшін химиялық тазартуға апарғаныңыз дұрыс.
Дайындаған: Айдос Айгерім
Дереккөз: comode.kz