Тәуекел 7 бөлімнен тұратын той жасамақшы
Отандық шоу-бизнес серісі Тәуекел Мүсілім үйлену тойын осы жазда өткізетін болды. Бұл туралы еліміздің аса танымал ивент-орталықтарының басшысы Жан Мұқанов өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.
Осы жылдың ең басты мерекелік шарасы аса ерекше үлгіде ұйымдастырылмақ. Белгілі актер мен оның жарының көптен күткен дүбірлі тойы жеті бөлімнен тұратыны белгілі болды.
Тәуекел Мүсілім оған өз тойын басынан аяғына дейін ұйымдастыруды сеніп тапсырған. Белгілі продюсер өзінің Instagram парақшасында талай қыздың арманы болған актердің үйлену тойы қалай өтетінін тізбектеп жазып көрсеткен. Жан Мұқанов аса маңызды мерекелік шараның жоспарын жария етті. Оған сәйкес, дүбірлі той жеті бөлімнен тұратынын белгілі болды:
1. LOVE STORY
2. Қызойнақ/Қалыңдықтың жиналуы
3. Ерлер отырысы/Күйеу жігіттің жиналуы
4. Некені рәсімдеу салтанаты
5. Үйлену тойы
6. After party
7. Бал айы
Сонымен қатар, Жан Мұқанов қазіргі таңда іске асырылып жатқан жұмыстар жөнінде айтты. Ұйымдастырушылар бүгінде отбасылық елтаңба мен белгіні жасап, той тұжырымдамасы мен сценариін ойластыруды бастағанын айтты. Олар тойдың басты түстерін анықтауға да кіріскен.