Нұр-Сұлтан әкімі: «Қала тұрғындарының 60 пайызға жуығы – кәсіпкерлер»

Oinet.kz 10-10-2019 1086

Картинки по запросу нұр сұлтан

Қазақстан астанасы жоғары қарқынмен дамып келе жатыр. 21 жыл ішінде қала аумағы үш есе артты. Бұл туралы «Ақылды қалалар – ақылды мекендер» атты қалалық туризм мәселелері жөніндегі ғаламдық сегізінші саммитінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бұл біз үшін әрине үлкен мәртебе. Елордамыз эстафетаны Сеул қаласынан алып отыр. Өткен жылы осы саммит Сеул қаласында өтті. Ол Куала-Лумпур, Мәскеу, Стамбұл сияқты әлемнің ірі астаналарын қабыл алды. Елордамыздың тарихы Елбасымыздың есімімен тығыз байланысты. Қазақстан астанасы жоғары қарқынмен дамып келе жатыр. 21 жыл ішінде қала аумағы үш есе артты. Халқының саны 280 мыңнан 1 миллионнан астамға дейін көбейді. Нұр –Сұлтан - жастардың қаласы. Тұрғындардың 700 мыңға жуығы немесе үштен екісі – 35 жасқа дейінгі азаматтар. Нұр-Сұлтан әкімшілік орталықтан іскерлер қаласына айналып барады. Туристер үшін тартымды орынға айналуда. Қала тұрғындарының 60 пайызға жуығы – кәсіпкерлер», - деді Алтай Көлгінов. 

Алтай Көлгіновтың  айтуынша, бүгінгі іс-шараға бірнеше елдің өкілдері қатысып отыр. Олар өз туристік мүмкіндіктерін таныстырып қана қоймай, Қазақстан туризмі жайлы да ақпарат алып жатыр. 

Бұл шара өтіп жатқан Тәуелсіздік сарайында шағын көрме ұйымдастырылған. Онда еліміздің өңірлерінен келген туризм саласының мамандары өз аймақтарын таныстыруда.

Бердібек Сапарбаев Нұр-Сұлтан қаласындағы бірқатар спорт және медициналық нысандарды аралады
«Асауға тұсау». Атышулылар шетінен абақтыға жабылып жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу