Тоқаев Қытайда баяндаманы тек қазақ тілінде жасады

Oinet.kz 11-09-2019 1066

Screenshot_5.jpg

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасындағы мемлекеттік іссапары барысында баяндамаларын қазақ тілінде ғана жасап жатыр деп хабарлайды, Oinet.kz тілшісі Nur.kz порталына сілтеме жасап. 

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлімдеді.

"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына басталған мемлекеттік сапары аясындағы жоспарланған кездесулердің барлығында баяндамасын қазақ тілінде жасауда.

Атап айтсақ, мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 6-отырысының ашылуында сөйлеген сөзін, сондай-ақ, ҚХР іскер топтарының өкілдерімен кездесуіндегі сөзін және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясындағы баяндамасын толығымен мемлекеттік тілде жасады", - деп жазды Президент өкілі.


Қосанов: "Сайлауды мойындау - ол билікті мойындау емес"
Қанат Төсекбаев мемлекеттік басқару саласында білім алу үшін қызметінен кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу