Енді комада жатқан адамдар мемлекеттен жәрдемақы ала алады

Oinet.kz 30-01-2026 43

Енді комада жатқан адамдарға да жәрдемақы рәсімдеуге болады.  Мәжіліс депутаттары заңға түзету енгізбек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов  әлеуметтік желі парақшасында мәлімдеді деп жазады Оinet.kz порталы.

image.png

«Айлап комада жатқан адамдар бар. Олар өз еркін білдіре алмайды, өтініш жаза да, қол қоя да алмайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке өтінішсіз мүгедектікті рәсімдеу, кейін жәрдемақы мен ТСР алу мүмкін емес. Біз бұл жағдайды қазір өзгертіп жатырмыз. Түзету бердік. Енді комада жатқан адамның заңды өкілдері оның атынан өтініш беріп, мүгедектікті рәсімдей алады, ал кейін жәрдемақыларды, ТСР мен басқа да қажетті әлеуметтік көмекті ала алады. Бұл – адамгершілік мәселесі», - деп жазды Аймағамбетов.

Айта кетейік, мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 10%-ға өскен болатын. 

Алматы әуежайы "қателесіп" 6,8 млрд теңгені бөтен компанияға аударған
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу