Құрылтайдың алғашқы күнінде 70-тен астам мүше өз ұсыныстарын білдірді

Oinet.kz 20-01-2026 45

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қызылордада өтіп жатқан V Ұлттық құрылтайдың алғашқы күнінде 200-ден астам ұсыныс айтылғанын мәлім етті. Бұл туралы ол құрылтайдың 4 секциясы өз отырыстарын өткізгенін хабарлаған кезде айтты деп хабарлайды Оinet.kz тілшісі.

image.png

Қариннің сөзінше, құрылтайға қатысқан 70-ке жуық мүше өз ұсыныстарын ортаға салып, өңірлерді дамытуға бағытталған маңызды бастамаларды талқылаған. Ол сондай-ақ былтырғы Бурабайдағы құрылтай өңірлік дамуды ілгерілеткенін атап өтті.

«Былтыр аймақтардың дамуы бойынша бірқатар бастама іске асты. Қазақстан Республикасының Өңірлік даму тұжырымдамасы қабылданды. Оның басты мақсаты – халықты негізгі инфрақұрылымдармен тең дәрежеде қамтамасыз ету. Өңірлердегі мәдени-туристік іс-шаралар тізбесі жасалды. Бұл атқарылған жұмыстардың бір бөлігі ғана. Бурабайдағы ұсыныстар негізінде жүйелі жұмыстар жүргізіліп, секциялар мен жұмыс кездесулерінде талқыланды», – деді Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин.

Университеттегі қаржы алаяқтығы: күдіктілер қылмыстық іс бойынша сотқа жолданды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу